1.04.2016, 19:11
Оқылды: 18

Жаңақалалық тоғызқұмалақшылар республикалық чемпионаттан 1 күміс, 2 қола алды

Janakala togizkymalak     Ағымдағы жылдың 24-31 наурыз күндері Орал қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы жекелей чемпионанты өтті.  Оған 16 команда, 250 спортшы қатысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен үздіктер жиналған бәсекеде Қ.Маратұлы баулыған Жаңақала аудандық спорт мектебінің спортшылары да өнер көрсетті.


      Бақ сынап қана қоймай 10 жасар қыздар арасында тоғызқұмалақтың классика түрі бойынша К.Гафарова жүлделі II орынды жеңіп алды. Алосы түрінен І.Қайыржанова III орын алса, блиц (шапшаң)  түрінен де ол III орынды иеленді. Сондай-ақ, тоғызқұмалақтан қос спортшы да ҚР спорт шеберіне үміткер нормативін орындады. Болашақта олар биік белестерді бағындырады деген ойдамыз. Айта кетейік, осымен аудан тарихында 5 спортшы тоғызқұмалақтан спорт шебері атанды.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале