10.03.2016, 15:48
Оқылды: 26

Жаңақалалық тоғызқұмалақшылар топ жарды

Janakala togizkumalak  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тоғызқұмалақтан мектеп және колледж оқушыларының арасында облыстық VIII жазғы спартакиада өтті. Оған 11 команда, 100-ден астам спортшы қатысты.


Тартысты өткен ой сайысындаҚ.Маратұлы жаттықтыратын Жаңақала аудандық спорт мектебінің тоғызқұмалақшы жас өрендері жүлдеден құр алақан қалмады. Атап айтсақ, ұлдар арасында жекелей түрінен Ш.Қайратов II орынды олжаласа, III орынды М.Темірғали қанжығасына байлады. Қыздар арасында Ш.Мұратова I орынды, А.Бауыржанқызы II орынды еншіледі.Нәтижесінде, жалпы командалық есеп бойынша Жаңақала ауданы III орынға ие болды.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале