23.02.2016, 17:30
Оқылды: 20

Тоғызқұмалақшылар республикалық жарысқа 8 жолдама алды

?????????????

   2016 жылдың 18-22  ақпан күндері Орал қаласында тоғызқұмалақтан Батыс Қазақстан облысының жасөспірімдер арасындағы жекелей және жекелей-блиц чемпионаты өтті.


Оған 13 команда, 150-ден астам ойыншы қатысты.  Жарыстың мақсаты - 24-31 наурыз күндері  Орал  қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу. Тоғызқұмалақтан өткен облыстық чемпионатта Жаңақала аудандық спорт мектебінің балғын спортшылары да бақ сынады. Тек қатысып қана қоймай, жас тоғызқұмалақшыларымыз ауыз толтырып айтарлықтай абыройлы жүлдемен оралды. Атап айтсақ, Қайрат Маратұлы жаттықтыратын өрендер10 жасар қыздар арасында Камила Гафарова барлық қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып, жекелей және блиц түрінен I орынның даусыз иесі атанса, жекелей түрінен Әлия Төрегелдиева II орын, Інжу Қайыржанова III орын, сондай-ақ І.Қайыржанова блиц түрінен IIорынға қол жеткізді. 10 жасар ұлдар арасында қыз бала болса да, ұлдармен иық тіресіп III орын алған Диляра Қанатова, блиц түрінен де III орынды олжалады. Сонымен қатар, 12 жас қыздар арасында Аяжан Магзумова I орын, блиц түрінен III орын, Ақгүл Бауыржанқызы II орын, блиц түрінен I орын, Жанар Мұратова III орын, блиц түрінен II орындарды иеленді. Ал, 12 жас ұлдар арасында I орын алған Артур Ғабит, блиц түрінен III орынды місе тұтты. Сол секілді А.Өтеуов, А.Нағимов, Ж.Кенжеғалиев, Б.Халиоллин, А.Сағынғалиев, М.Боранбаева секілді ойыншылар да жақсы ойын көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале