4.02.2016, 12:03
Оқылды: 22

Жаңақала аудандық сотында баспасөз конференциясы өтті

Janakala sot konferensia   Жаңақала аудандық сотында өткен жылдың 12 айы бойынша қорытынды баспасөз конференциясы өтті. Кездесуге аудандық сот қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында сот төрағасы А.Ғапуов аудандық соттың жылдық жұмысы жөнінде толыққанды баяндап, түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін жария етті.


Сот төрағасының статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылы аудан бойынша 337 азаматтық іс қаралып, аяқталған. Қаралған азаматтық істер бойынша ішінде 112 сот бұйрығы, 177 шешім шығып, 33 іс қараусыз қалдырылып, 15 іс қысқартылған. Судья М.Шүкіровтың өндірісінде 175 азаматтық іс аяқталса, сот төрағасы А.Ғапуовтың өндірісінде 162 азаматтық іс аяқталыпты.

Қылмыстық істер бойынша барлығы 73 іс қаралып, аяқталды. 4 қылмыстық іс қалдық болып қалыпты.  Атап айтса 31 іс бойынша үкім шығып, 42 істі  қысқарту туралы қаулы қабылданды. Сондай-ақ аудандық пробация қызметінен сотқа 31 материал түсіп, 5-і қайтарылды, 27-і  қаралып, оның 18-і қанағаттандырылды, 9-ы қанағаттандырудан бас тартылды. Бұл тұрғыда судья М.Шүкіров жыл ішінде 45 адамға қатысты 37 қылмыстық істі аяқтаса, сот төрағасы А.Ғапуов 40 адамға қатысты 35 қылмыстық істі аяқтады.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша 385 іс қаралып, аяқталды. 1 іс қалдық болып қалды.  Атап айтса 385 істің ішінде 119 адамды қамауға алу, 101 адамға айыппұл салу, 37 жүргізушіні көлік жургізу құқығынан белгілі бір мерзімге айыру, 42 ескерту жазалары тағайындалып, 86 іс қысқартылды. Судья  М.Шүкіров  191 әкімшілік істі қараса, сот төрағасы А.Ғапуов 194 істі қарап, аяқтады.

Сот төрағасы А.Ғапуов 2015 жылы қаралған қылмыстық істер саны 2014 жылмен салыстырғанда артқанын, істерді қараудың процессуалдық мерзімдері бұзылмағанын жеткізді.

Сосын негізгі жұмыстан бөлек, аудандық сот жыл бойына мемлекеттік және басқа мекемелермен кездесулер жүргізіп, дөңгелек үстелдер, брифингтер, ашық есік күндері және басқа сот жүйесінің имиджін көтеруге бағытталған шаралар өткізгенін, судьялар мен сот қызметкерлерінің жергілікті «Жаңарған өңірі» газетінде мақалалары жарық көргенін, тұрақты негізде заңнаманы және сот практикасын жетілдіру бағытында жұмыстар жалғасып жатырғанын сот төрағасы А.Ғапуов саралап айтып берді.

Сот төрағасы азаматтардың сот қызметіне және өткізіліп жатырған шаралар туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударатынын да тілге тиек етіп, баспасөз конференциясын қортындылады.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале