23.02.2016, 10:35
Оқылды: 35

Жаңақала ауданына республикалық «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес келді

 Janakala Garifolla Anes  Жаңақала ауылындағы рухани орталықта ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Кітап. Ел. Рух» атты кеш өтті.


Кешке Алматы қаласындағы «Арыс» баспасының директоры, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице президенті, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лаураеты Темір Құсайын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ғайсағали Сейтақ, «Дана» KAZ журналының бас редакторы, белгілі журналист Қазбек Құттымұратұлы және аудан әкімі Лавр Хайретдинов қатысты. Алдымен атқарылған ауқымды істерді баяндаған аудан әкімі Л.Рашидұлы келген қонақтарға «қош келдің» айта келіп:

-Құрметті ел қонақтары мен жерлестер. Рухани орталықтың ашылғанына бүгін 20 күн толды. Бұл көп уақыт емес. Дегенмен елдің есін де қалатын, елдің рухын көтеретін тарихи оқиғалар осы шаңырақтың астында болып жатыр. Бүгінгі болып жатырған кеш Қамыс-Самар елінің тарихында алтын әріппен жазылады деп есептеймін... Шақырып алдыра алмайтын қонақтар ауданымызға келіп отыр,-деп есте қаларлықтай ерекше күн екенін еске сап, алдағы уақытта «Арыс» баспасымен қоянқолтық жұмыстана отырып, энциклопедия шығару жұмысы қолға алынатынын жария етті. Бұнда Жаңақала ауданының арғы-бергі қатпарлы тарихын толық қамтитын құнды деректер қамтылатын болады.

«Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнес өз сөзінде:

-Құрметті ағайындар. Шынын айтқанда кешеден бері естігіен едік. Бүгін «көзбен көріп, қолмен ұстап» дегендей Рухани орталықты көріп өте қатты толқып отырған жайымыз бар. Былтыр Орал қаласында Қадыр атамыздың орталығы ашылса, бұл сол үлкен істің жалғасы іспеттес,-деп «Қазақ тілі» қоғамына толық тоқталып, «Арыс» баспасы, сонымен қатар ұлтқа, қоғамға, тілге, дінге қатысты маңызды мәселелерді қаузады.Жиында Ғарифолла Әнес өз тарапынан ауданға байғазы ретінде бір контейнер кітап жеткізіп беретініне уәде етті. Онда 3 млн. немесе 5 млн. кітап болуы кәміл. Бұл дегеніміз бір аудан үшін біраз кітап қой. Айта кетейік, осы тұста қуанышымызда шек болмады. Киелі қазына, жұтамас байлық, ақылдың кені саналатын «кітап» деген құдіреттіақындардың, батырлардың елі саналатын Жаңақала ауданы қай уақытта да артық санамасы анық. «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан тыйылар едік» депті Ғабит Мүсірепов. Айтса, айтқандай. Кітап – біздің тарихымыз, кітап – біздің болашағымыз. Кітапқұмар жаңақалалықтар үшін бұл күн - елеулі, жалаулатып сүйінші сұрайтын күн болды.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Л.Хайретдинов «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнеске Алғысхат табыс етіп, «Көшім» жылқысының отаны болып есептелетін ауданымыздың атынан астына арғымақ мінгізді.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЫСҚАҚ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале