25.12.2015, 21:41
Оқылды: 44

Жаңақала ауданында«Балбөбек» балабақшасы қосымша ғимаратпен қамтылды

Janakala balabaksha  Бүлдіршіндерді балабақшамен қамту Жаңақала ауданында да өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай аудан әкімшілігі бұрынғы аудандық Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебі ғимаратын заман талабына сай, күрделі жөндеуден өткізіп, бұған дейін 50 бүлдіршінді ғана қамтып отырған «Балбөбек» балабақшасына қосымша ғимарат етіп берді.


 

Ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімі Л.Хайретдинов, аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Қадыров, тағы басқалар қатысты.

Алдымен құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Лавр Хайретдинов:

-Санаулы күндерден соң қой жылы тарих қойнауына енеді. Жаңа жыл келеді. Осындай үлкен мерекенің қарсаңында Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, аудандық білім беру бөлімінің ұсынысымен, аудан әкімдігінің қолдауымен жаңа балабақшаның ғимараты іске қосылғалы тұр. Бұл ғимараттың ашылуы ауыл тұрғындарына жаңа жылдық тамаша тарту деп есептейміз... Осы балабақшада  тәрбиеленген ұл-қыздарымыз, немере-жиендерімізкелешекте еліміздің мақтанышы, Қазақстанның іскер азаматтары болсын,-деген тілегін жеткізді. Сосын ата-аналаратынан Бақытжамал Ақымайқызы сөз алып, өз ризашылығын білдірді.

Бір мезгілде 2 топ, 50 балаға арналғанжаңа ғимараттың лентасын қию құрметі аудан әкімі Л.Рашидұлына ұсынылды. Мұнан соң аудан әкімі Л.Хайретдинов бастаған қонақтар, «Балбөбек» балабақшасына бағалы сыйлықтар табыстап, балдырғандардың шағын концертіне куә болды.

Жаңадан ашылған бұл ғимарат болашақ Жаңақаланың жайсаңдары мен жампоздарын тәрбиелейтін қасиетті орда болсын!

www.zhaikpress.kz  

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале