11.07.2016, 19:00
Оқылды: 38

Жаңақала ауданындағы Е.Орақбаев атындағы мектеп күрделі жөндеуден өтуде

Janakala mektep   Ағымдағы жылдың 11 шілде күні Жаңақала ауданының басшысы Лавр Хайретдинов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Елжас Қадыров,  облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева және  білім басқармасының экономикалық талдау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Самиғолла Сүлейменов күрделі жөндеу  жүріп жатырған Қызылоба ауылдық округіндегі Е.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде болып, жұмыс барысымен танысты.


   1979 жылы іргесі қаланған мектепке соңғы рет 2007 жылы  9 млн. теңгеге  Орал қаласындағы «Андас» құрылыс компаниясы күрделі жөндеу жүргізген еді. Содан бері 9 жылдың ішінде әбден тозығы жеткен мектепті күрделі жөндеуден өткізудің сәті биыл ғана түсті.  Аталмыш білім ұясын жөндеу үшін 147 556 мың теңге қаржы бөлінген. Бас мердігер Тілек Махметов басшылық ететін «Тасқала Трансгаз» ЖШС-гі. Құрылыс басында басшылық жасап жүрген Талғат Жоламановтың айтуы бойынша жөндеу жұмыстары 27 маусым күні басталған, ағымдағы жылдың қараша айында аяқталуы тиіс.

   - Мектеп толықтай жөндеуден өтуде. Мектептің төбесі қазіргі үлгідегі профлистпен жабылып, есік, терезелер, еден төсеніштері толықтай ауыстырылады. Сондай-ақ, ішкі қабарғалары түгелдей сыланып, боялып жаңартылатын болады. Жылу жүйесі де толықтай ауыстырылады.  Бұл жұмыстарға жұмысыздар есебінде тұрған 34 ауыл тұрғыны тартылды. Және аудан орталығынан 4 тас қалаушы, 4 сылақшы, 5 төбе жабушы  мамандар жұмысқа алынды. Мамандарға жалақыны жасаған жұмыстарының көлеміне қарай төлейтін болсақ, биржа арқылы жұмысқа алынған жұмысшыларға айына 35 мыңнан 50 мыңға дейін жалақы төлейміз. Қазір әзірлеу жұмыстары аяқтала келді, енді құрылысты бастаймыз-, дейді Талғат Жоламанов.

   Жас ұрпақтың білім алуы үшін салынған инвестиция еселеп қайтатыны сөзсіз. Алла бұйыртса қызылобалық 287 оқушы жаңа оқу жылын таза, сапалы, заман талабына сай мектепте бастайтын болады.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали САҒЫНҒАЛИ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале