2.06.2015, 19:49
Оқылды: 36

Жаңақала ауданында балалардың жазғы демалысы жақсы ұйымдастырылуда

JAnakala jazgi demalis Жаңақала ауданында балалардың жазғы кезеңде оқушылардың сауықтырылуы, демалысы және еңбекке орналасуы тиімді ұйымдастырылуда. Аудандық білім беру бөлімінің берген мәліметіне қарағанда Жаңақала ауданында биыл жазғы демалыс лагерьлерінде 3372 баланы демалту көзделіп отыр. Ал, бұл 1-10 сынып оқушыларының (3562) 94,7 пайызын құрайды. Жазғы сауықтыру демалыс лагерлері 10 жалпы орта, 3 негізгі орта және 9 бастауыш білім беретін мектептерде ұйымдастырылды. 10 орта және 1 негізгі мектепте тамақпен, 2 негізгі және 9 бастауыш мектепте тамақсыз ауысымдар өтеді. Соның ішінде мектеп жанындағы лагерлерде 3050 бала, жазғы шатырлы лагерде 270 бала, облыстық деңгейдегі лагерлерге 40 бала, республикалық деңгейдегі лагерлерге 10 бала, халықаралық лагерде 2 оқушы қамтылады деп жоспарлануда.

Ал аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының шатырлы лагерьлерінде 744 баланың тынығуына мүмкіндік туды. Сонымен қатар мектептен тыс жұмыс орталығын жанынан лагерлер іске қосылып, жұмысын бастайтын болды.

Кеше ауданда демалыс лагерлерінің ашылу салтанаты өтті. Көңілді көріністер лагерьдің алғашқы күнінен-ақ көрініс тапты. Алғашқы қабылданушылар арнайы алынған бір түсті формада сап түзеп, әнұранымызды шырқағаннан кейін аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы ұжымының және тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен ортаға сайқымазақ шақырылып, ойындар ойналды, балалар өнерлерін ортаға салып, ашылу рәсіміне қатысушыларды тәнті етті.

Балалардың жүрегіне ізгілік пен қуаныш сыйлай ашылған жазғы демалыс лагерьлерінде демалушылар бос уақыттарын мағыналы өткізіп, ауылдарына сергіп қана қоймай, белгілі бір бағытта білімдері мен қабілеттерін жетілдіріп қайтары сөзсіз.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале