13.01.2016, 23:28
Оқылды: 18

Жаңақала ауданында Жолдауды түсіндіру жиналысы оздырылды

Janakala elbasi joldauin tysindirdi  Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөніндегі облыстық ақпараттық тобының өкілі, БҚО мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Т.Т.Мерғалиевтің қатысуымен аудан активі жиналысы оздырылды. 


 

Аудан әкімінің орынбасары Д.Закарин төрағалық еткен жиналысқа ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің, ақпарат топтардың мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ардагерлер, жастар қатысты.

Актив жиналысының күн тәртібіне енгізілген «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы және одан туындайтын міндеттер туралы Төлеген Тастайұлы жан-жақты әңгімеледі. Сонымен қатар еліміздің даму жоспары мен болашағын баяндаған 5 институттық реформасына тоқталып,  мемлекеттік қызметтің ашықтығына кепіл бола алатын «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдағы өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады. Барша қазақстандықтардың ортақ арманы-Ұлт жоспарын іске асыруда жерлестерін жұмыла еңбек етуге шақырды. Жарыссөзге қатынасқан аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы М.Шапиқов, аудан әкімі аппаратының маманы А.Қапанов Елбасының саясатына өз ризашылықтарын білдіріп, Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау үшін бар күш - жігерлерін салатындығын жеткізді.

Дәл осындай кездесулер облыстық ақпараттық тобы өкілдерінің қатысуымен барлық ауылдық округтерде өтті.

www.zhaikpress.kz

Н.Есетова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале