19.02.2016, 12:26
Оқылды: 20

Жаңақала ауданында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Janakala kelisim kenesi   Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні  Жаңақала  ауданында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқы кеңес мүшелерімен қатар Жаңақала ауданының әкімі Л.Хайретдинов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, ауданның мекеме, бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.


Кеңес төрағасы Шаһидолла Абуғалиевті қоғамдық қызметімен құттықтаған аудан әкімі Л.Хайретдинов отырыстың күн тәртібі бойынша  жыл ішінде атқарылған істерге жан-жақты тоқталып, болашақта аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды саралап берді. Келесі болып мінбеге көтерілген Жаңақала аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали  қоғамдық кеңес билік пен халықтың арасындағы алтын көпір екенін, бұл игі істе ел болып бірге  қызмет атқару керектігін әңгімеледі және аудандағы жыл бойы атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Отырысты қорытындылаған кеңес төрағасы Шаһидолла Ишанғалиұлы өзіне сенім білдірген аудан азаматтарына алғысын білдіріп, аудан басшысы ұйтқы болып жыл бойы атқарған жұмыстардың ауқымдылығына тоқталды.

Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңына және аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы №33-2 шешімімен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы Ережесіне сәйкес Жаңақала ауданының әкімі Л.Хайретдиновтың хабарламасы қатерге алынсын, аудан әкімінің жыл ішінде атқарған жұмысына оң баға берілсін деген шешім қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали САҒЫНҒАЛИ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале