21.04.2016, 18:29
Оқылды: 56

Жаңақала ауданының энциклопедиясы жарық көрмек

 ZH-350x350    Жаңақала ауданы әкімдігі аудандық мәслихат пен аудандық қоғамдық Кеңестің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Жаңақала ауданының төл энциклопедиясы дайындалуда. Энциклопедия – анықтамалық жинақ. Энциклопедия арқылы өлкеміз бен халқымыздың болмыс-бітімі ашылса, екіншіден, оның өркениетке көзқарасы көрініс табатын болады.


     Энциклопедияғааудан тарихынан бастап, кеңестік кезеңде, одан бергі уақытта еңбегімен елге танылған соғыс, еңбек ардагерлері, ауыл шаруашылығы, өнер, мәдениет пен өндіріс, т.б салалардың белгілі өкілдері  қамтылып, мал шаруашылығы мен өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесі, жер-су аттары да ескерілді. Тәуелсіз ел болғаннан кейінгі тіршілігіміздің де көріністері, өткен ғасырдың 30 жылдарындағы қуғын-сүргін құрбандары мен Ұлы Отан соғысының батырлары да қамтылды. Ал қалған мағлұматтар мен деректер Жаңақала ауданына  тікелей қатысты болмақ.

     Қазіргі таңдажинақталған материалдар аудан әкімінің өкімімен құрылған комиссия және ақылдастар алқасының сараптамасынан өтіп, баспалық дайындық жұмыстары басталды.

     Бұйырса жаңа туынды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту болмақ.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале