2.11.2015, 20:23
Оқылды: 30

Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Janakala jana tagayindau   Жаңақала аудан әкімінің әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары болып Шүкірғалиева Айзада Бекетқызы тағайындалды.

Шүкірғалиева Айзада Бекетқызы 1976 жылы 19 сәуір күні Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.

1999 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін, 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген.

Мамандығы бухгалтер-экономист, құқық бакалавры.

Алғашқы еңбек жолын 1999 жылы Жаңақала ауданы әкімі аппаратында қабылдау бөлмесінің инспекторы болып бастаған.

2001-2003 жылдары Жаңақала аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде жетекші маман және бас маман болып қызмет істеген.

2003-2010 жылдары аралығында Жаңақала аудандық мәслихатының тексеру комиссиясы төрайымы,  2010-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы мәслихатының тексеру комиссиясы аппаратының бас маманы, 2012 жылы қаңтар айында Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының №3 бақылау бөлімінің бастығы, кейін 2013 жылы есеп, талдау және сапа бақылау бөлімінің басшысы, 2013-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы болып қызмет жасаған.

2014-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы болған.

2015 жылдың қараша айынан бастап Жаңақала аудан әкімінің орынбасары.

 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале