6.01.2016, 12:42
Оқылды: 40

Жаңақала ауданы әкімі еңбек ардагеріне құрмет көрсетті

 Janakala ardager ystazdi kyttiktadi  Жаңақала ауданы әкімі Лавр Хайретдинов мерейлі 70 жасқа толуына орай ұстаздар отбасы саналатын еңбек ардагері Бақытжан Әубекеров пен Жансалқам Әубекерованы қабылдады. Аудан әкімі ардагерді мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.


- Арда туған азаматтарымызды үлгі тұтып, олардың өзі барында бағалап, жасаған игі істерін ғибрат ету - азаматтық парызымыз. Сіз өнегелі өміріңізбен баршаға үлгі бола білген, ел үшін еткен еңбегіңіз, халық игілігіне айналған адамсыз. Сізді Жаңақала жұртшылығы атынан 70 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын, - деді аудан әкімі Лавр Рашидұлы.

- Қай салада болмасын ауданымыздың қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. Осы ел игілігі жолындағы істеріңізге табыс тілеймін. Туған жеріміз одан әрі дамып, береке орнасын, - деген ардагерлер өздеріне көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

Б.Аубекеров жары Жансалқам екеуі ұзақ жыл ауданның білім саласына абыройлы қызмет атқарды. Саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында ерек білімімен, шынайы болмысымен, қарапайымдылығымен көзге түсіп, толайым жетістіктерге жеткен ұстаздар әулеті мерейлі жасқа абыроймен жетіп отыр.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале