18.05.2015, 17:53
Оқылды: 51

Жаңақала жастары Соркөл маңын тазалады

  Жаңақала ауданында жастардың бастамасымен 16 мамыр күні «Таза жағалау» акциясы аясында сенбілік өтті.

Акцияға аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының қызметкерлері бастаған «Жас Отан» ЖҚ белсенділері, "Жастар үні" жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты. 60-тан астам жас аудан орталығы Жаңақалаға жақын маңда орналасқан шипалы көл Соркөл маңын күл-қоқыстан тазартып, жағалауды ретке келтірді.Janakala Sorkol tazartu

- «Мақсатымыз - туған жеріміздегі демалыс орнын тазалап, жастарды осынау жер жаннатына баланатын табиғатымызды аялауға шақыру. «Таза жағалау» акциясы ауданда мұнымен шектелмей, жалғасын таба бермек», - дейді «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жақсылық Хайрелов.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале