5.03.2016, 13:36
Оқылды: 28

«Жаңақала келіні-2016» байқауы өтті

Janakala kelin baikaui   Жаңақала ауданында аудандық «Жастар үні» жастар қоғамық бірлестігі мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстың ұйымдастыруымен «Жаңақала келіні-2016» аудандық байқауы оздырылды.


Үйде отырған жас келіндерді қоғамдық шараларға тарту, оларға қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткен сайысқа  аудан орталығынан және ауылдық округтерден ең шебер, пысық, сымбатты да ибалы келіншектер бақтарын сынап, өз өнерлерін ортаға салды.

Бес кезең бойынша өзге келіндерден өнерімен ерекшеленген Жаңақала ауылының келіні Сәуле Төлепова«Жаңақала келіні-2016» атағын жеңіп алды. Ал, қалған келінде ерекшеліктеріне қарай аталымдар беріліп, дипломдар мен сыйлықтар берілді.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале