1.06.2015, 20:31
Оқылды: 39

Жаңақала көлдеріне су жіберілуде

Janakala kolderine su jiberude   Жаңақалалықтар соңғы 4-5 жылда жеткілікті көлемде келген судың игілігін көрген еді. 2013 жылы сай-сала, жылғалардың арнасын толтырып, жайылымдардың мейірін қандырған мол судын арқасында мал азығы артығымен дайындады. Былтыр су ол деңгейде келмесе де, мал азығын дайындау жоспардан төмен түспеді. Биыл да судың деңгейі күткендегідей болмады. Дегенмен, аудандағы ірі көлдер мен көлтабандарға су жіберіле бастады.

«Қазсушардың» аудандағы өкілі Ербол Төлеуғалиевтің айтуынша қазір Дөңгелек су қоймасы арқылы Көшім каналымен жеткен Жайық суы қабыршақты өзеніне жіберіліп жатыр. Дөңгелектің су секундына 10 текше метр шығынмен түсіп жатыр. Пятимар су қоймасының деңгейі 4,24 метр. Ақбалшық шабындығына, Сәңкібай каналы арқылы Жоғары және төменгі Сәңкібай көлтабандарына су жіберілген. Соннымен қатар Тайпақ магистралды каналы арқылы Қарасу лиманына, Фурманов магистралды каналы арқылы №56 көлтабандарға су жіберілуде. Ал Қараөзен суландыру жүйесі арқылы Сарышығанақ су қоймасынан Айдархан көлтабандарының 1000 гектарына су жіберілді.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале