21.04.2016, 12:21
Оқылды: 25

«Жаңақала мақтанышы – 2016»

Janakala okushi akim     Жаңақала ауданы орталығы мәдени демалыс орталығында Қазақстан Республикасының 25 жылдығы және «Жаңақала ауданында білім жылы» аясында аудан мектеп оқушыларының «Жаңақала мақтанышы – 2016» атты үздіктер шеруі өтті. Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өрбіген шараға аудан әкімі Л.Хайретдинов, аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудандық «Жаңарған өңір» газетінің бас редакторы Ө.Ақбасов және тағы басқалары қатысты.


     Салтанатты шараның мақсаты – 2015-2016 оқу жылында халықаралық, республикалық, облыстық пәндік олимпиадалар мен интеллектуалдық сайыстарда, шығармашылық конкурстарда, ғылыми жобалар байқауында, спорттық додаларда, өнер сайыстарында өздерінің білімдері мен өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындар иеленген оқушыларды қанаттандыру, марапаттау еді.

     Шерудің шымылдығын түру үшін құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Л.Хайретдинов оқушылардың өмір жолына сәт-сапар тілеп, оларға үлкен сенім артты. Мұнан кейін аудан басшысы өз атынан республикалық және облыстық пән олимпидасының жүлдегерлеріне Алғысхат табыстады.

     Айта кетейік, аталмыш шеруге аудан мектептерінен 150-ге тарта оқушы қатысып, естелік сыйлықтар мен Алғысхаттарға ие болды. Шара соңында ұлтымыздың болашағы оқушылар қауымы риза кейіпте, көңілді жүзде тарасты.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале