17.02.2016, 10:17
Оқылды: 50

«Жаңақала-несие» кредиттік серіктестігі» ЖШС жемісті жұмыс жасап келеді

Janakala nesie   Таяуда аудандағы тауар өндірушілерінің өз ісін дөңгелетуіне өзіндік үлес қосып, төмен пайызды несиемен қаржыландырып отырған «Жаңақала-Несие» серіктестігінің облыста үздік атанғанын аудандық газет арқылы сүйіншілеп хабарлаған болатынбыз. Осыдан 10 жыл бұрын құрылған «Жаңақала-несие» кредиттік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінге дейін жемісті жұмыс жасап келеді.  Жуырда «Жаңақала-Несие» серіктестігі кредиттік серіктестік қатысушыларының санын арттыруда қосқан зор үлесі мен белсенді қызметі үшін «Аграрлық несие корпороциясы» АҚ басқарма басшысы Г.Атамбаеваның Алғыс хатын иеленді.


- Ел көлеміндегі барлық несие серіктестіктерінің жұмысы сарапқа салынған жоба да үздік атану – ұжым үшін зор мәртебе, - дейді «Жаңақала Несие» серіктестігінің басшысы Т.Бегалиев.

«Жаңақала Несие» ЖШС басқарма төрағасы Тимур Бегалиевтің айтуынша, 63600 мың теңгемен жұмысын бастаған серіктестік өткен қой жылы 314млн. 900 мың теңге несие беруді жүзеге асырды. Әу бастан атакәсіп мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан Жаңақала ауданындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері де несиені осы саланы дамытуға алады. Жалпы аудан бойынша 500-ге тарта шаруа қожалығы есепке алынса, оның 95-і мен үш жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы несие серіктестігінің құрамына кіреді.

 Атап өтерлігі осы он жыл ішінде кредиттік серіктестік жұмысын аяғынан тік тұрғызып, бүгінде оны аудан мен облыстағы алдыңғы қатарлы несие беруші мекемеге  айналдырған білікті басшы Тимур Бегалиевтің еңбегі ұшан-теңіз. Қашанда жұмыстың сапасын саралап, темірдей тәртіпті талап ететін тәжірбиелі басшы өмірдегі көргені мен көңілге түйгенін ұжым жұмысын ұйымдастыруда ұтымды пайдаланды. Бірлік бар жерде тірліктің де бары дәлелденген. Бүгінде республикамыздағы алдыңғы қатарлы кредиттік серіктестіктердің көш басында тұрған «Жаңақала-Несие» кредиттік серіктестігінің болашаққа деген маңызды жоспары көп. Ендеше бізде өз кезегімізде ауқымды жоспармен мекеменіңбиылғы жылы да несие серіктестігіне бірігуге арналған сұраныстар мен өтініш-талаптардының көбейіп,берекелі бірлігі мен табысты тірлігі өзгелерге үлгі бола берсін дейміз.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале