15.09.2015, 9:00
Оқылды: 30

Жаңақала туралы қызық дерек

Janakala halik sani  Ғаламтордағы Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапхананың (www. kazneb.kz) веб сайтында келтірілген мына дерек еріксіз назарымды аудартты.1926 жылы бұрынғы Кеңес Одағында одақтық халық санағы өткені белгілі. Ол санақтың нәтижесі туралы Қазақстан тарихы оқулықтарында  республика қала берді облыстардағы халық саны туралы ғана мәліметтер келтіріледі. Ал аудан мен  ауылдағы халық саны жекелей берілмейтіні белгілі. 

Міне қараңыз, ол кезде Жаңақала ауданы емес Жаңақала болысы аталған.  Жаңақала ауылы және нөмері алтыншы ауылдан басталып он төртінші  ауылға дейін 9 ауылға бөлінген. Күні бүгіндегі кейбір ауылдар ол кезде басқа болыстардың құрамында болуы да мүмкін. Болыс бойынша 7472 үй онда 16313 ер адам, 15995 әйел  барлығы 31908 адам тұрған. Соның  ішінде 7250 үй онда 30883 адам қазақтар болған. ( 15822 ер, 15061 әйел). Бұның ішінде Жаңақала ауылында (қазіргі Жаңақазан ауылы) 38 үй онда 187 адам орыс ұлтының өкілдері ( 74 ер, 63 әйел), 178 үй татар онда 874 адам ( 411 ер, 463 әйел), 4 үй басқа ұлт өкілдерінің адамдары  (4 ер, 4 әйел) мекен етіпті. Ал Жаңақазан ауылындағы өз ұлтымыздың өкілдерінің саны 353 үй , 1490 адам болған. ( 773 ер, 717 әйел).

Бұдан басқа 1 үй (1 ер, 1 әйел) орыс №14 ауылда тұрған. Ал № 13 ауылда 1 үй татар ол үйде 1 ер 3 әйел адам болыпты. Қалған өзге ауылдарда тек қана қазақ ұлтының өкілдері біздің аталарымыз бен әжелеріміз мекен еткен. Енді жекелеген ауылдарға тоқталсақ №6 ауылда 4688 адам, № 7 ауылда 2785 адам, № 8 ауылда 2957, № 9 ауылда 4772, № 10 ауылда 2028, №11 ауылда 2398, №12 ауылда 1560 адам, № 13 ауылда 3595, № 14 ауылда 4621 адам өмір сүрген.  Бүгінгі күні ауданымыздағы халық саны  23945 болса, кейбір ауылдардағы, тіпті аудан халқының өзі ол кездегі халық санына жетпей отыр екен.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале