5.07.2016, 15:39
Оқылды: 25

Жаңақала тәрбиесі  мол, тәлімді кеш өткізді

Жаңақала         Жаңақала мəдени демалыс орталығында аудандық мешіттің бас имамы Мұратбек Жахатовтың ұсынысымен "Ата-анаға құрмет - ұрпаққа міндет" атты рухани кеш өтті.


Тәлімі мен тәрбиесі мол шараға аудан әкімі Лавр Хайретдинов, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары және жастар қатысты.

Кеш барысында ата-ананы құрметтеу туралы  аяттар мен хадистер оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Көрермендер ұлағатты сөздермен қоса Қ.Айдарбековтың орындауындағы «Аяулы ана», Ж.Шукинаның орындауындағы «Иман келтіру» және М.Жұмашевтың орындауындағы «Бір АЛЛА» атты тәрбиелік мәні барәндерін тыңдап,рухани азықтанды. Сондай-ақ кішкентай қызымыз Әмина Жұмагерейқызының анасына қарай отырып  оқыған  «Анашым»  көркем сөзі көпшілікті тебірентіп, кей аналардың көздеріне жас үйірді.

www.zhaikpress.kz
Нұрғали САҒЫНҒАЛИ
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале