29.09.2015, 17:08
Оқылды: 24

Жаңа автобус қолданысқа берілді

qvgmQKTrsKY     Елбасымыз жыл сайынғы жолдауларында халықтың әл-ауқатын арттыруға ұдайы көңіл бөлу керектігін баса айтып келеді. Міне, халыққа жасалған қамқорлықтың көрінісіндей Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында жолаушылар тасымалдайтын ПАЗ автобусы қолданысқа берілді.

Достық үйі алаңында ауыл ішінде  халыққа қалтқысыз қызмет қылатын автобустың таныстырылымы өтті. Федеров селолық округі әкімі М.Энгелов алғаш сөз алып, бүкіл ауылды осындай зор қуанышпен құттықтады. Одан соң автобус иесі, жеке кәсіпкер М.Семғалиев  халықтың қолдау білдіргеніне ризашылығын танытып, автобустың таныстырылу рәсіміне орай бір тегін жұмыс атқаратындарын жеткізді.

Осылайша ауыл тұрғындары енді күздің шалшығы мен қыстың қыңыр мінезін елемейтін болады. Бұл автобус зейнет жасындағы қарттар мен мектептерден шалғай тұратын оқушыларға айтарлықтай көмек болғалы тұр.

Автобустың қызметін пайдаланушы ересектерге жол құны 50 теңге болса, балаларға 40 теңге.

www.zhaikpress.kz

Әділет ЗЕРЕ

ТЕРЕКТІ АУДАНЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале