27.11.2015, 10:50
Оқылды: 32

Жаңа АПК талқылау жөніндегі облыстық семинар өтті

Seminar obl sud  Батыс Қазақстан облыстық сотында «Жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодексі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын тәжірибеде іске асыру» тақырыбында семинар өтті.

Шараға облыс судьялары, БҚО әкімдігінің, прокуратура, адвокатура, облыстың медиаторлары, нотариалдық палата, оқу орындары және басқа да мүдделі органдардың өкілдері қатысты.


 

Шараны облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Е.Н.Боранбаев алғы сөзбен ашып, 2015 жылғы 31 қазанда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне  журналистердің қатысуымен жариялы түрде қол қойғанын атап айтты. Ағымдағы жылғы  3 қарашада жаңа АПК «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінде ресми түрде жарияланды. Кодекс 2016 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді. Сонымен қатар, Боранбаев кодекстің маңыздылығын және қойылған міндеттерді іске асыруда судьялар корпусының алдына үлкен жауапкершілік жүкейтіндігін көрсетті.

Өз кезектерінде сөз алған облыстық, қалалық және аудандықсоттардың судьялары Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодексінің негізгі міндеттері, кейбір аспектілері туралы сөз қозғады.

Сонымен бірге, семинарға қатысушылар сот ісін жүргізугепартисипативтік рәсім ендіру,азаматтық-құқықтық даулар бойынша прокурордың қатысуын қысқарту туралы тұстарына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, сот медиациясына, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сот өнідірісіне қатысты мәселелерді кеңінен талқылады. Соның ішінде, Кодекстегі бірталай жаңашылдықтарының бәрі қарапайым азаматқа бұзылған құқығын қысқа мерзімде қалпына келтіруге мүмкіншілік туғызатындығы аталды. Татуластыру келісімін кең көлемде пайдалану мақсатында және Азаматтық процестік міндетті жүзеге асыру дауды уақытында реттеуге әкеледі.

www.zhaikpress.kz

Батыс Қазақстан облыстық

сотының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале