16.07.2015, 14:36
Оқылды: 14

Жаңа бастама қолдау тапты

Taskala jana bastma subsidia   Бүгін Мерей ауылында округ әкімі К.Тәшімовтің төрағалығымен үлкен жиын болып өтті. Оған аудан әкімі С.Әлиев пен аудандық мәслихат депутаты Ә.Сәрсенбаев қатысты. Жиынның  күн тәртібінде ауылдық тұтыну кооперативін құру мәселесі қаралды.

Өз кезегінде сөз алған аудан басшысы Санжар Жұматайұлы кооперативтің тиімді жақтарын атап өтіп, тұрғындар арасында осы істі қолға алу жөніндегі пікірімен бөлісті.

  • Субсидия тек аналық малдарға беріледі. Малдарыңыз қағаз жүзінде кооперативке тапсырылғанмен, жеке меншігі өзіңізде қала береді. Өзара келісіп төраға сайлап, бақташы белгілейсіз. Осы жердегі тағы бір ұтымды қадамыңыз- бақташыға төленетін жалақы сіздің қалтаңыздан шықпайды. Кооперативтен бөлінген қаржыға қосымша техника алып, шаруашылыққа жол ашасыз,- деді.

Сондай – ақ, аудан басшысы Мерей ауылдық округі үшін кооператив құруды Өркен ауылынан бастау тиімді болатынын айтты.

Жұртшылық тарапынан аталмыш жұмысқа еш қарсылық болмай, бір ауыздан қолдады.

www.zhaikpress.kz

Әсемгүл Бекешева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале