19.11.2015, 18:00
Оқылды: 22

Жаңа басшыны сайлады

Taskala NyrOtan   «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі С.Әлиев пен төрағаның бірінші орынбасары Д.Ғазез Амангелді ауылында болып партия мүшелерімен кездесті.


Аталмыш жиынның күн тәртібінде бір ақ сұрақ қаралды. Ол осы күнге дейін Амангелді бастауыш пария ұйымының төрағасын сайлау.

  • Бұл қызметті бүгінге дейін Г.Есқазиева басқарып келген болатын. Ол өз өтініші бойынша  БПҰ-ның төрайымынан босады, - деді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Думан Ғазез.

Одан әрі сөз алған аудандық филиал  төрағасы С.Әлиев Елбасы тапсырмасын орындауда әрбір партия мүшесінің қосып отырған үлесінің зор екенін айтты. Содан соң жаңадан сайланатын БПҰ- төрағасына үміткер Амангелді ауылдық округінің әкімі Қ. Жұмагереевтің кандидатурасын ұсынды.

Берілген тапсырмаларды орындап, округ бойынша біркелкі жұмыс атқарған Қазбек Меңдібайұлының бұл жұмысты да дөңгелентіп әкететініне төраға  сенім білдірді.

Жаңа басшыны партия мүшелері дауыс беру арқылы бірауыздан  қолдады.

Өз кезегінде БПҰ-ның жаңа басшысы К.Жұмагереев  партия жұмысына белсене араласып, аянбай еңбек ететіне сөз  берді.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале