8.07.2015, 21:09
Оқылды: 29

Жаңа басшыны таныстырды

Sirim-jana-bashini-tanistirdi  Сырым аудандық білім беру бөліміне жаңадан басшылық қызметке тағайындалған Мақсот Есенұлы Бижановты аудан әкімі Абат Шыныбеков аудандық білім беру бөліміне ат басын тіреп, ұжым мүшелеріне жаңа басшыны таныстырды.Білім беру бөлімінің басшылық қызметіне келген, бірқатар басшылық қызметтерде болып ысылған, өзіндік тәжірибе жинақтаған Мақсот Бижановтың жаңа қызметіне аудан басшысы сәттілік тілеп, аудандағы білім саласын жандандырып, мойнына жүктелер міндеттерді жауапкершілікпен атқарарына сенім артты.

Өз кезегінде сөз алған білім беру бөлімінің жаңа басшысы Мақсот Бижанов өзінің бар күш-жігерін білім саласына жұмсап, ұжым мүшелерімен бірлесе жұмыстанатынын айтты.

www.zhaikpress.kz

М.Мәлікқызы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале