7.11.2016, 10:45
Оқылды: 17

Жаңа бағдарлама жобасы талқыланды

 %d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d0%b1%d0%b0%d2%93%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%b0-%d0%b6%d0%be%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d1%82%d0%b0%d0%bb%d2%9b%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b  Ауыл халқының әлеуетін көтеру, ауылшаруашығын өркендетіп, өз-өзімізді  қауіпсіз азық-түлікпен қамту Үкіметіміздің бүгінгі таңда алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі. Осы орайда ауыл шаруашылығы саласын өрістетуге арналған мемлекеттік бірнеше бағдарламалар қабылданып, ол өзінің өміршеңдігін дәлелдеп үлгерді.  Шаруа адамының қамын ойластырған  тағы да 4 – «Ынтымақ», «Игілік», «Бірлік», «Береке» бағдармаларының жобалары халықтың талқысына жол тартты. Осы бағдарламаның мақсатын түсіндіруді көздеген жиын Шыңғырлау ауданында да болып өтті. Оған Орал қаласынан арнайы келген БҚО ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Серік Нұрмағанбетов пен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО бойынша филиалының аға несие менеджері Ержан Есенгөбеков ауыл әкімдері мен шаруа қожалықтарының басшыларымен, кәсіпкерлермен кездесу өткізді.


«Береке» бағдарламасы  -негізінен отбасылық бордақылау алаңын құруге негізделген. Әрине, бұл бағдарламаны жүрексінбей қолға алам деушілерге  алдымен жеке кәсіпкер ретінде тіркеле отырып, ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер кооперативін құру тиімдірек болмақ. Оның құрамына 20 адам бірігіп, әрқайсысы жеке-жеке құжаттарын әзірлей отырып, тиісті ұйымдардан тіркетіп, мақұлдатқан соң «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы несие ала алады,- деді бағдарлама төңірегінде әңгіме өрбіткен Серік Базарұлы.

 Қарыздың максималды сомасы – 3 млн теңге, берілу мерзімі 4 жыл, 6% берілетін несие төңірегінде Ержан Бауыржанұлына қатысушылар тарапынан берілген сұрақтар аз болған жоқ. Әсіресе, көпшіліктің көкейіндегі кепілге қойылмақ жылжымайтын мүлік нысаны, салық төлеу төңірегіндегі сауалдарға жан-жақты жауаптар қайтарылды.

 Осы бағдарлама барысында қойылатын талаптар төңірегінде тарқата айтылып, арнайы келген өкілдер бұл бағдарламаны халыққа одан әрмен тереңірек түсіндіру ауыл әкімдеріне жүктелетінін баса айтты. Сонымен қатар,  әзірге жоба болғандықтан әрбір шаруа адамының ұсыныс-тілектері қаперге алынып, тиісті орындарға жеткізелетінінен де хабардар етті.

 Тағы да ауылдар мен онда тұрып жатқан қарапайым халықтың жағдайын көтеруге арналған бағдарламалар қолға алынбақ. Ал оның өміршең болуы іскер де  бірлігі мол малсақ жандардың тірлігіне байланысты болмақ.

Гүлшат Ботанова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале