23.05.2016, 10:30
Оқылды: 35

Жаңа дүкен жабдыққа толы

Shingirlau magazin  Шыңғырлау ауданы орталығында жаңа дүкен ашылып, бұқараға өз қызметін ұсынуда. Жаңа сауда орнын аудан тұрғыны, зейнеткер Бақыт Жұмағазиева ашып, тұрғындарға эектр қуатын пайдалануға арналған 500-ге тарта тауар түрлерін ұсынып отыр.


  «Электростройкомплект» деген атауының өзі айтып тұрғандай, жаңа сауда орнында ток қуатына қажетті қарапайым ажыратқыштан (выключатель) бастап, аспалы шамдар, түрлі кернеудегі электрөткізгіш сымдары мен прожектор жарықтары,электр қуатын үнемдейтін шамдарға дейін бар. Сондай-ақ,  құрылысқа қажетті құрал- жабдықтар, бекіткіштер, су өткізу құбырлары мен иіндер,  бояу сырлары, желімдер және т.б. толып жатқан күнделікті тұрмыста қажетті заттар дүкен ішін толтырып тұр.

  Кәсіптің осы бір түрін өз күшімен ашып отырған кәсіпкер қазіргі таңда қазақстандық «Жакко» ЖШС (Қарағанды қаласы), «I-KREP» сауда орындары желісімен және ресейлік «Уралсвет» ЖШҚ –мен, «Alinapaint» өндірістік тобымен жұмыс жасап тұрғанын айтады, яғни, бүгінгі нарықтағы ең сапалы тауарлар осы дүкен сөрелерінен табылмақ.

   Жаңа кәсіп бой түзеп, ол халық игілігіне жұмыс жасаса- ол бүгінгі күнінің жетістігі, елімізде өзімізді өз тауарымызбен қамту мәселесінің орындалып жатқаны және мемлекетіміздің ұстанған бағытының жүзеге асып жатқанын білдіреді десек, жаңа сауда орнының  кәсіби бастамасы көңіл тоғайтпай қоймайды.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале