28.12.2015, 10:36
Оқылды: 32

Жаңа жыл мерекесі тойланды

Janibek mymkindigi shekteuli jandar   Жәнібек аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Жаңа жылдық ертеңгілік оздырылды. Шара барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова жиналған қауымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балаларға жүрекжарды лебізін білдіріп, денсаулық пен бақыт тіледі.


Қызылды-жасылды шамдары жарқылдаған, әдемі безендірілген алып шыршаның маңына топтасқан бүлдіршіндер Аяз Атаны ерекше ықылыспен қарсы алды.  Мерекенің бас кейіпкері балаларды Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бұдан соң, балғын балалар ғажайып ертегі кейіпкерлерімен жүздесіп, жасыл шыршаны қол ұстаса айналып, Аяз Ата және Ақшақармен бірге көңіл толқытар билер мен әсем әндерге бір сусындап қалды. Шараны ұйымдастырушылар Жаңа жылды қарсы алуға жиналған бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етті.

Серік Дәулетов пен Ақжан Есниязов сынды ауданымыздың кәсіпкер азаматтары осы шараға демеушілік етіп, балаларға шат көңіл сыйлағанын айтып өткен жөн.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале