29.06.2016, 17:53
Оқылды: 25

Жаңа жүйе еңгізілмек

????????????????????????????????????

28 маусымда аудандық Достық үйінде өңіріміздің медицина қызметкерлері арасында медициналық сақтандыруды еңгізу мәселелерін түсіндіру бойынша үлкен жиын өтті.


Жиналысты "ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаменті" ММ қызметкерлері ұйымдастырды. Олардың қатарында медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары  Айнагүл Давлетчина мен бас маман Сергей Карасаев,  ТМККБ бөлімінің меңгерушісі Құртқа Батырниязова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Күнсұлу Ниярова болды.

Шара барысында мамандар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің

қағидаларын, енгізілу кезеңдерін, ұтымды жақтарын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. МҚАТК облыстық департаменті басшысының орынбасары  Айнагүл Хабдонғалиқызы: «Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін еңгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төленеді. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларына, ал қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады. Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (ТМККК) әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді» - деп мән-жайды жіті түсіндірді.

ТМККК бөлімінің меңгерушісі Құртқа Батырниязова азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетінін айтты. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет, жұмыс берушілер, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына  жарна төлеуді бастайтынын ескертті.

Кездесуге қатысқан медицина қызметкерлері аталмыш мәселе бойынша сұрақтар қойып, мамандармен бірлесе талқылады.

www.zhaikpress.kz
Күлімхан Тасенова
Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале