16.06.2015, 14:19
Оқылды: 18

Жаңа жүйе іске қосылды

Taskala jana jyie iske kosildi    Тасқала аудандық сот қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Аталмыш шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез бен аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі және әділет басқармасының қызметкерлері қатысты.

Шараны аудандық сот төрағасы Ә.Ахметов ашып, сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамсыз ету - Елбасы белгілеген басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Одан әрі аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Ж.Өтегенова баяндама жасап, «Төрелік» ақпараттық жүйесінің қанат қақты жобасының іске қосылғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар жобаның өзге де артықшылығына тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

www.zhaikpress.kz

Н.Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале