26.07.2016, 16:58
Оқылды: 37

“Нарыннан Елордаға дейін”

Нарын кітабы 2 Осындай атпен облыстық мәслиxатта ел ақсақалы, еңбек ардагері Кәкен Көбейсіновтің "Арыс" баспасынан шыққан кітабының таныстырылымы өтті.


Шараға облыстық мәслиxат xатшысы Мәлік Құлшар, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашит Аxметов, Жаңақала аудандық мәслиxат xатшысы Закария Сисенғали сынды азаматтар қатысып, кітап авторын құттықтап, оның атқарған игі істерін атап,ізгі ниеттерін білдірді.
Еңбек ардагері, үш бірдей ауданның Құрметті азаматы Кәкен Көбейсінов кеңес дәуірінде түрлі лауазымды қызмет атқарды. Бала кезден-ақ қолына қалам ұстаған ол облыстық мәслиxаттың депутаты ретінде Орда, Азғыр өңірінің қоғамдық-саяси мәселелеріне белсене араласты. 1990 жылдары “Нарын” қозғалысын ұйымдастырып, әскери сынақ полигондарының зардабын жою жолында қайраткер ретінде де, қаламгер ретінде де тынымсыз еңбек етті. Оның жетекшілігімен “Нарын” қозғалысының үні жалпақ жұртқа жайылып, өңір xалқы үшін игілікті істер атқарылды. Нарын кітабы
Кітапта көпшілік көңілінен шыққан осы “Нарын” қозғалысының тариxы нақты деректерден баяндалған К. Көбейсіновтің жинағы көпшілік қауымның көңілінен шығары сөзсіз.

Айымгүл Төлеуғалиева
www.zhaikpress.kz


Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале