17.09.2015, 9:01
Оқылды: 20

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ

NyrOtan   «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлерді қолдау бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

         Жиынды ашқан кеңес төрағасы Жаслан Жақыпов еліміздің жаңа қаржы-несие саясатына көшуіне тоқталды. Соңғы жылы әлемдік экономикадағы ахуал едәуір төмендеді. Дағдарыс барлық бағытта, яғни шикізат тауарларына, валюта, қаржы нарықтарына әсер етуде. Бұл дамушы және дамыған мемлекеттерде орын алып отырған жағдай. Шикізат тауарларына баға барша әлемде төмендеді, сондықтан ел бюджетіне түсетін қаржының ауқымы едәуір азаймақшы.

Өз кезегінде сөз алған облыстық азаматтық альянстың төрағасы Гамал Түзелбаев валютаны еркін айналымға жіберудің халықаралық тәжірибесін тілге тиек етті. Әлемдік экономикада орын алған қиындық кезінде әлем елдері өз валюталарын еркін айналымға жібереді. Бұл өз кезегінде эспорттық жағдайды оңалтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Қоғамдық кеңестің келесі отырысы қазан айының ортасында өтпек.

www.zhaikpress.kz

Мәди ЫҚЫЛАС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале