4.11.2015, 13:09
Оқылды: 31

Жаңа наубайхана ашылды

JAnakala naubaihana ashildi    Қол қусырып қарап отыруды жаны сүймейтін еңбекқор жандар Жаңақала ауданына қарасты Мәстексай ауылында да аз емес. Солардың бірі Жасұлан Каримов.

Жасұлан нарық талабын тез аңдап, өзін-өзі жұмыспен қамту үшін жеке кәсіппен алғаш айналысқандардың бірі. Ол тек өз шаруасын түзеуді ғана ойлаған жоқ, кәсібін елге қажетті іспен дамытуды көздеді. Ауылдастарының тұрмысын ой елегінен өткізе келіп, наубайхана ашса, жерлестеріне көмегі көбірек тиерін аңдады. Бірден наубайхана құрылысын бастап кетті. Бастапқыда өзінің жинақ қаржысымен бастаған. Ол құрылысты аяқтап, қажетті жабдықтар алуға тапшылық етті.

Сондықтан үкімет көмегіне сүйеніп, биыл «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша үш миллион теңге несие алды. Сөйтіп, көздеген мақсатына жетті. Ғимарат ішінен тек наубайхана ғана емес, дүкен де қосып ашты. Дүкен жұмысын зайыбы қолға алса, нан өнімдерін шығаруға екі адамды жұмысқа алды. Алғашқы нан өнімдеріне жерлестері қызығушылық танытып, бірден сұраныс көбейді.

Наубайхананың ресми ашылуы аудан әкімі күндеріне сәйкес келіп, арнайы барған аудан басшысы іскер жанға ризашылығын білдіріп, ауылдастары алдында құттықтау сөз сөйледі.

Сөйтіп Мәстексай ауылында жаңа наубайхана ашылды.

www.zhaikpress.kz

Өмірзақ Ақбасов

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале