17.11.2015, 18:41
Оқылды: 17

Жаңа наубайхана іске қосылды

Bokei naubaihana Бисен ауылының тұрғыны Күләш Биданова «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасымен 1350000 теңге несиеге қол жеткізіп, жеке наубайханасын іске қосты. 16 қараша күні оздырылған аталмыш нысанның ашылу салтанатында сөйлеген аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов іскер жанның игі бастамасына сәттілік тілеп, естелік сыйлық табыстады.

Жаңа нысанның есігіне керілген лентаны қию құрметі аудан басшысы Нұрлан Сағынтайұлы мен кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы директоры Бибігүл Мұқасқызына ұсынылды.

Ыстық қалаштың иісі бұрқыраған осынау ғимараттан ерекше жылылық сезіліп тұрды. Жаңа наубайхана иесінің алғырлығының арқасында екі адам жұмыспен қамтылса, өзге жерлестері тұрақтандыру қорының арзан нанын сатып алатын болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале