1.09.2015, 15:39
Оқылды: 36

Жаңа оқу жылы басталды

Karatobe bilim kyni    1 қыркүйек – Білім күніне орай Қаратөбе ауданы орталығындағы Мұхит атындағы ЖОББМ-де салтанатты шара оздырылды.

«Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында өткен жиынға аудан әкімі Асхат Шахаров, БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Ғарапша Сахипов қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Мұхит атындағы ЖОББМ-нің директоры Мираш Өтеғалиева мектеп ұжымының өткен жылғы жетістіктерімен, алда атқарылар ауқымды жоспарларымен бөлісті.

Салтанатты жиында аталмыш мектептің табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 47 бүлдіршінге Елбасының сыйлығы табысталды. Оқушылар өз кезегінде мектеп, білім, Отан тақырыбындағы тақпақтарын орындап, сазды сәлемдерін жолдады.

Алғашқы қоңырау соғу сәтіне 11-сынып оқушысы Мұхтар Қонаров пен мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған Фариза Дүйсенбаева шақырылды.

Салтанатты жиыннан соң барлық сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан!», «Мәңгілік Ел», «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыптарында тәрбие сағаттары оздырылды.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале