1.09.2016, 11:33
Оқылды: 29

Жаңа оқу жылы табысты болғай

Казталов1СентКүздің алғашқы күні мектеп оқушылары үшін қуанышты күн. Үш ай бойы демалып, достары мен мектебін сағынған шәкірттер мен биылғы жылы алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылар күн.

Алғашқы оқу жылының басын Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары асыға күтті. Таңнан жиналған оқушылардың қуанышында шек жоқ.

Алғашқы қоңырау салтанатына қатысқан  аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық  білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин, мектеп директоры Сабыржан Миржанұлы сөз алып, жаңа оқу жылында мектеп оқушылары мен ұстаздарға табыс тіледі. Биылғы жыл Тәуелсіздікке 25 жыл қарсаңында «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебіне мемлекет тарапынан 162 млн. 636 теңге қаржы бөлініп, «Батыс Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көптен күткен күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізуде. Бұл жаңартылған  білім ордасы оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Алғашқы білім күні әр сынып оқушылары өз сыныптарында сынып жетекшілерімен тәрбиелік сағаттарда мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, құндылығын түсіну мақсатында сабақ өткізді.

 

Жұлдыз Асқар

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале