24.05.2015, 10:21
Оқылды: 36

Жаңа сауда орталығы ашылды

Zelenov sauda ortaligi ashildi   Зеленов ауданы орталығында жаңа «Центральный» атты сауда орталығы ашылды. Сауда орнының ашылу салтантына аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бағдат Тоқжанов, БҚО кәсіпкерлер палатасының Зеленов аудандық филиалының директоры Әсел Қартқожақова, Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Александр Вахрушев және ауыл тұрғындары келді.

Халық игілігі үшін ашылған сауда орнында өмірге қажетті барлық тауар бар. «Дүкенді осыдан бір жыл бұрын өз қаражатымызға тұрғыза бастадық. Қазіргі таңда ауылдың 10 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Болашақта тағы да бірнеше жұмыс орнын ашатын боламыз»,-дейді дүкен иесі Жансәуле Нұрғалиева.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале