21.07.2015, 17:43
Оқылды: 23

Жаңа тағайындау

Jastar baskarmasi01   Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Азамат Жұмабайұлы Айтуев облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 2015 жылғы 21 шілдеде өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

«Азамат Жұмабайұлы арнайы білімі бар, қалалық, облыстық деңгейдегі түрлі лауазымдарда мол тәжірибе жинақтаған, бұған дейін алдына қойылған кез-келген тапсырманы тыңғылықты орындай алатын маман ретінде көрсетті. Енді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы ретінде осы жұмыстарды әрі қарай жалғастырады деп сенемін» - деді Нұрлан Асқарұлы.

Азамат Жұмабайұлы Айтуев Астанадағы заң университетін тәмамдағаннан кейін 2002-2003 жылдары Бөрлі ауданы прокурорының көмекшісі болған.

2003-2006 жылдары Орал қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарында қызмет етті.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты.

2008 жылы Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

2008 - 2009 жылдары Орал қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы.

2009-2012 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің басшысы.

2013 жылдан күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекциялық жұмыстар бөлімінің басшысы болды.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале