3.08.2016, 9:36
Оқылды: 27

Жаңа төраға сайланды

IMG_2995Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері бас қосты.


Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова қатысып, күн тәртібіндегі «Ақбастау» ЖҚБ-ға төраға сайлау мәселесіне орай Руслан Нұралиевтің өмірбаянымен таныстырды. Оның кандидатурасын қолдап, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Сағынбек Стамов және аудан жастары сөйлеп, тілек-лебіздерін білдірді, жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Руслан Әлібекұлы өзіне білдірілген сенім үшін алғысын айтып, үлкен жауапкершілікті терең сезінетінін, бірлестіктің жұмысын жандандыру бағытында жастармен бірлесе отырып жұмыстанатынын жеткізді.

Руслан Нұралиев 1993 жылы 27 наурызда Бөкей Ордасы ауданының Мұратсай ауылында дүниеге келген. Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетін «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Жаңабұлақ ЖББОМ-да мұғалім, Ақжайық аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2015 жылдың қыркүйек айынан Т. Жароков атындағы ЖББОМ-да тәлімгер қызметін атқарған.

                                                                                А.Құсайынов

                                                                                Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале