23.07.2015, 18:28
Оқылды: 24

«Жаңа әлем» қыстағында болды

Janibek jana alem kistaginda boldi  Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Руслан Сапарғалиев аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуаналиевпен бірге «Жаңа әлем» қыстағында болып, ірі қара малды бордақылайтын кешеннің жұмысымен танысты.

Руслан Сапарғалиев кешендегі қоралардың құрылысын қарап, басқа да мал күтетін орындарды аралады. Дайындалған мал азығының жағдайын білді. Ірі қара малдардың күйіне көңіл бөліп, жасалып жатқан жұмыстың нәтижесіне ден қойды.

«Әлем» шаруа қожалығының басшысы, облыстық маслихат депутаты Ескендір Елемесовтың мәлімдеуінше, ірі қара малын бордақылау шаруашылығы 1000 басқа арнап тұрғызылған:

-Шағын кешенді өзіміздің қаржымызбен, жұмысшыларымызбен салдық. Малдың азықтық рационын қамтамасыз ететін жем-шөпті өзіміз өндіріп отырамыз,- деді ол.

www.zhaikpress.kz

 Данияр ОСПАН

Жәнібек ауданы    

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале