1.07.2016, 13:49
Оқылды: 41

Жеделтоп жұмысы талқыланды

Kasipkerler kykigin korgau    Бейсенбіде облыстық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер құқын қорғау бойынша кезекті Кеңес отырысы өтті. Бұған Кеңес мүшелері мен облыстық прокуратура және мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлері қатысты.


   Жиынды жүргізген облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқын қорғау бойынша Кеңес төрағасы Қайдар Қапанов жиналғандарды ең алдымен күн тәртібімен, содан соң кеңес құрамының жаңа мүшелерімен таныстырды.

Жиында бірінші кезекте прокуратура органдары жанынан құрылған кәсіпкерлер құқын қорғау бойынша жеделтоп қызметкерлерінің 2015 және ағымдағы жылы атқарған жұмыстары талқыланды.

Прокуратура жанынан құрылған жеделтоптың міндеті - кәсіпкерлік нысандарынан түскен арыз-шағым бойынша тез әрекет жасау, олардың құқықтарының бұзылмауына және жұмыстарының қалыпты жүруіне мүмкіндігінше көмектесу. Осы мақсатта өткен жылы жеделтоп өкілдері 45 шағымды қарап, оның 10-ын растады. Мысалы, қалалық прокуратура жанындағы жеделтоп қызметкерлері  «Уральскстройинвест» ЖШС-на қатысты заңсыз салық тексерісіне тосқауыл қойды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандарын табиғи монополия субъектілері жүйесіне уақытында қоспаған «ҚазТрансГазАймақ» АҚ тарапынан жасалған заң бұзушылық та анықталып, нәтижесінде бұл мәселе оң шешімін тапты.

Ағымдағы жылы жеделтоп қызметкерлері кәсіпкерлерге өкілетті тұлғалар тарапынан жасалған 15 құқық бұзушылық жағдаятын қарап, оның 7-ін орынды деп тапты. Мысалы, жеделтоп қызметкерлерінің шұғыл әрекет жасауының нәтижесінде Нығметов дейтін жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылудан аман қалды. Сондай-ақ, Жәнібек ауданының бір кәсіпкері жеделтоп өкілдерінің жедел жұмыстануының нәтижесінде аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері салған 16,6 млн. теңге айыппұлдан  құтылды. Жағдаятты жіті тексерудің нәтижесінде әлгі кәсіпкер айыппұлды 15 АЕК мөлшерінде, яғни  16,6 млн. теңгенің орнына бар болғаны 29 730 теңге айыппұл төлеген. Бұл кәсіпкер үшін үлкен көмек болды.  Бұл кәсіпкер үшін үлкен көмек болды. Сол секілді, «Жайна» ЖШС-на жер телімін жалға беру мерзімін ұзартудан бас тартқан Теректі ауданы әкімінің орынбасары Л.Уәлиев пен аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекшісі Т.Нұрғалиев тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура қызметкерлерінің тыңғылықты жұмысының нәтижесінде аталған серіктестік жерді жалдау мерзімін 10 жылға ұзартып алды, -деген облыстық прокуратураның басқарма басшысы Жаннұр Ахметбек ветеринария саласында орын алған заңбұзушылыққа да тоқталып өтті. Оның айтуынша,  өткен жылдан бастап күні бүгінге дейін Зеленов ауданының 69 мал өсірушісі ауру малдарын жойғаны үшін төленуге тиісті  өтемақыларын әлі күнге дейін ала алмай отыр. Өтемақының жалпы көлемі 16 млн. 817 мың 589 теңгені құрайды.

www.zhaikpress.kz
Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале