18.06.2015, 18:25
Оқылды: 17

Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Шалқар көлінде төрт демалушыны құтқарды

Shalkar koli03     Көл жағалауында апатқа ұшыраған адамдарды құтқаруға қажетті жабдықтармен жасақталған бекет қызмет етеді, құтқарушылар талай рет адамдарды ажалдан құтқарған болатын.

Орал қаласының 25-35 жас аралығындағы екі жұп жас адамдар, яғни екі ер және екі әйел адам көлге дем алуға келген. Үрілген матраста күнге қызып жатып, жағадан қалай алыстап кеткенін байқамай қалған.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының №2 Шалқар бекетінің құтқарушылары Ербол Хангереев және Нұрхан Жолахов бекітілген аумақты патрулдеуді аяқтай келгенде, жағадан 800 м қашықтықта шыжыған күн астында ашық көлдегі төрт адамды байқап, оларды дереу жағалауға жеткізді.

www.zhaikpress.kz

БҚО Төтенше

 жағдайлар департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале