22.09.2016, 9:14
Оқылды: 32

Жекпе-жектен жеңіске жетті

%d0%b6%d0%b5%d0%ba%d0%bf%d0%b5-%d0%b6%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d0%b5%d2%a3%d1%96%d1%81%d0%ba%d0%b5-%d0%b6%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96  Қыркүйектің 15-17 күндері аралығында Астана қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы Бас қолбасшысының жекпе-жек сайысы өткен болатын. Екі күнге созылған дүбірлі сайысқа республиканың түкпір-түкпірінен 26 команда қатысты.


    Оздырылған турнирдің мақсаты республикамызда  спорт түрін одан әрі дамыту болып табылады. Бұл сайысқа облысымыздан батысқазақстандық тәртіп сақшысы Темірлан Ихсанғалиев 82 келі салмақ дәрежесімен қатысып, бас жүлдеге ие болды. Аталған дүбірлі додада Темірлан  төрт бірдей қарсыласын тізе бүктірді. Еске салар болсақ, былтыр Әлемдік біріншілік Африка құрлығында Марокко елінде спорттық және жауынгерлік самбо бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның құрама командасы командалық есеп кезінде жүлделі орынға ие болған еді.  

Қазақ елінің намысын қорғап жүрген қоян-қолтық ұрыс және әскери самбо бойынша әлемдік деңгейдегі спорт шебері, Еуропа чемпионы, Гвардия Кубогының чемпионы, әскери самбо бойынша Әлем жүлдегері, әскери самбо бойынша Әлем Кубогы кезеңінің екі дүркін чемпионы Темирлан Ихсангалиевті тағы бір жеңісімен құттықтап, әңгімеге тартқан едік. 

   -Темірлан  жеңісіңіз құтты болсын! Алдымен жарыс туралы айтып кетсеңіз?

- Құқық қорғау қызметкерлері арасында оздырылған бұл  сайысқа республикамыздың  түрлі облыс, қалаларынан 26 команда қатысып, сынға түсті. Жалпы спортшылардың барлығы жақсы дайындықпен келген. Өзім 82 кг  дейінгі салмақ дәрежесінде қатыстым. Әрине, оңай болған жоқ. Бірақ дайындығымыз жақсы болдығынан шығар деп ойлаймын жеңісті бағындырғанымыз.

         - Темірлан, құқық қорғау саласында қашан бері қызмет етіп елесіз?

         - Құқық қорғау саласында 2014 жылдан  бері қызмет етіп келемін. Сондай-ақ, спортты да қалдырған емеспін.

         - Қандай спорт түрлерімен айналысып келесіз?

         - Қоян-қолтық ұрыс, әскери самбо, жекпе-жек ұрысы

- Сонда бұл жекпе-жек күресі жалпы түрлі спорт түрлерін қамтиды ғой!?

- Ия, бұл спорт түрінде аяқ-қол әдістері қолданылады, яғни, бокс, самбо, күрес секілді спорт түрлерін қамтиды.

- Жұмыс пен спортты қатар алып жүру сізге қиынға соқпайды ма, яғни, жұмысыңызға кедергі келтірмейді ме?

         - Жооқ, мүлдем, керісінше спорттың менің қызметіме берері мол. Себебі, біздің қызметіміз спортпен тығыз байланысты, яғни, қылмыскерлерді құрықтауда бойыңда күш-жігерің, қайратың болу керек емес пе?! Жұмыстан кейін түрлі жаттығулармен айналысып, жарыстарға дайындаламыз.

         - Ал бұл спорт түріне қалай келдіңіз?

- Мен негізі спортқа деген қызығушылығым әскерге барғаннан басталған болатын.  2008 жылы шекара қызметіне жүргенімде алғашқы рет қоян-қолтық ұрыс бойынша жарысқа қатыстым

         - Қалай ойлайсыз, қазіргі уақытта «жекпе-жек» спорт түрі дамып келе ме?

         - Әрине, қазір бұл спорт түрі дамып келеді. Бұрын сайыстартарға тек әскери қызметкерлер қатысушы еді, қазір жасөспірім балалар да ат салысып жатады.

-Жеке өміріңіз туралы не айтасыз?

- Отбасым бар. Бір ұлым, екі қызым бар.

- Темірлан, Сіз бірнеше рет әскери самбо, жекпе-жек бойынша әлем чемпионы атанып, биік белестерді бағындырып үлгердіңіз ендігі алдағы мақсаттарыңыз қандай?

- Осымен тоқтап қалу ойымда жоқ. Шеберлігімді одан сайын шыңдай түссем деймін. Келесі «Динамо» спорттық қоғамының ұйымдастыруымен күш құрылымдары арасында қараша айында Ақтау қаласында сайыс өткізілетін болады. Соған қатыссам деймін. Одан әрі оздырылатын сайыстарға да күш-жігерімді жұмсағым келеді.   Ол үшін үлкен дайындық қажет әрине.

- Болашақ ізбасар жастарға қандай ақыл-кеңес айтасыз?

- Біріншіден денсаулықтарын күту керек. Қай адам да алдына мақсат қоя біліп, еңбектенсе, міндетті түрде мақсатына жетеді. Сондықтан, еңбектеніп, мақсатқа жете білу керек.

- Әңгімеңізге рахмет.

Қазақ елінің даңқын шығарып жүрген Темірланды осынау жеңісімен құттықтай отырып, оған одан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз. 

 

        

БҚО ІІД баспасөз қызметкері

   Асылай Ғұбашева

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале