17.11.2015, 18:26
Оқылды: 21

Желтоқсан аязды, ақпан қарлы болмақ

Brifing01   Бұл туралы «Қазақстан- Орал» телеарнасында тікелей желіде өткен брифингте «Қазгидромет» РМК-ының БҚО филиалының өкілі әңгімеледі. Басқосуда одан басқа төтеншеліктердің биылғы 10 ай ішінде атқарған жұмыстары, қысқа дайындығы және өңірдегі су шаруашылығының жай-күйі де сөз болды.

Брифингке қатысқан «Қазгидромет» РМК-ның облыстағы филиалы  директорының орынбасары Баубек Самитовтың айтуынша, биылғы қыс маусымы өткен жылдардағы қыспен салыстырғанда көпжылдық климаттық көрсеткіштерге сай болмақ. Тек 2016 жылдың қаңтар айы әдеттегіден 1-2 градусқа төмен болады деп күтілуде.

-Желтоқсан айында ауа-райы климаттық меже деңгейінде болады. Қар аздау түседі. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің соңына таман және жаңа жыл қарсаңында аяз болады деп күтілуде. Ауа температурасы нөлден төмен 30 градус шамасында болады. 2016 жылдың қаңтар айында Таймыр аудандарынан тоқтаусыз ағылатын ауа массаларының екпінінен 1-2 градус шамасындасалқын ауа орнығады. Сөйтіп ауа-райының температурасы күрт төмендеп -38 градусқа дейін түседі. Қыс айлары ішінен ақпан қарлы болмақ. Циклондардың жиілеуінің әсерінен қар межеден көбірек жауады. Ақпан айының бірінші және үшінші онкүндігінде күн салқындайды. Алдағы жылы көктем ертерек келеді деп болжануда. Көктемгі маусымның ауа температурасы әдетегіден 1-2 градусқа жоғары болмақ.

Баубек Самитовтың түсіндіруінше,  мамандар ауа-райының болжамын бір немесе үш күнге дәл айтып береді. Ал маусымдық болжамдар көбіне 50-70 пайызға сәйкес келіп жатады.  Оның айтуынша, қазіргі уақытта батыстьан келген циклон аздаған суықтығын ала келген. Қарашаның 18-19 күндері циклонға қарсы өзгерістер болып, күндізгі ауа нөлге, -5-ке градусқа дейін, түнгі ауа -10 градусқа дейін төмендейді. Қарашаның 20-сынан кейін күн жылынып, жауын-шашын болады, яғни жаңбыр және дымқыл қар жауады. Күндізгі ауа температурасы -3,+2, түнгі ауа температурасы нөлден төмендеп-5 градусқа дейін түспек.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале