4.04.2016, 12:06
Оқылды: 35

Жеміс-жидек дүкені

????????????????????????????????????

     Аудан орталығы – Чапаевта халық саны 9690 болып табылады. Бір қуаныштысы, тұрғындарға қызмет көрсететін сауда орындары көбейе түсуде. Кеше ғана орталық базар аумағында (Исаев көшесі) жеке кәсіпкер Раушангүл Жалмағанбетова жеміс-жидек дүкенін ашты.


     - Мен өзім атыраулықпын. Осындағы агротехколледжден бухгалтер-экономист мамандығын алдым. Ауыл азаматы Маханбет Байсеновпен көңіліміз жарастық тауып, шаңырақ көтердік. Мирлан, Мадияр есімді ұлдарымыз өсіп келеді. Болашақта ісімізді көтеру арқылы жанұямыздың шаруасын «дөңгелентсек» деген ойымыз бар,- дейді Раушангүл Мұратқызы.

      Қазір дүкен сөресінде картоп, қырыққабат, жүзім, сәбіз, қызылша, пияз, қызанақ, қияр, алма, аскөк, т.б. молынан сатылуда. Мәселен картап – 65, алма – 260, қияр түрлеріне қарай – 500, 550 теңгеден тұрады. Тұтынушы көбейіп, сауда қызсын дейміз.

 www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале