17.06.2016, 12:41
Оқылды: 22

Жемқорлықсыз ел – өркендеген ел

zhemkorlyksyz el-orkendegen el«Нұр Отан» партиясы Зеленов ауданы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.


Отырыс жұмысын ашқан аудан әкімі Кәрім Жақыпов:
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында қоғамда сыбайлас сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім беру мен тәрбиелеуді қалыптастыру көзделген, бұл «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» партиялық жобаның негізі болып табылады. Жоба шеңберінде Доктринаның Заң Үстемдігі, Әділеттік, Ынтымақшылдық, Болашаққа ұмтылыс, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, Тиімді мемлекеттік басқару сияқты құндылықтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ілгерілеуі қамтамасыз етілген.

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттырып, сыбайлас жемқорлықтың жекелеген адамдар үшін күнделікті іске, мәселелерін заңды айналып өтіп шешу жолына айналмауын қадағалау қоғамның өзекті пролемасы.

Жемқорлықпен күресте Елбасы «Нұр Отан» партиясына нақты тапсырмалар беріп, мемлекеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалауды тапсырды. Бүгінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанынан «Нұрлы жол» бағдарламасымен бөлінген қаражаттың игерілуін бақылау комиссиясы құрылып, жұмыстануда. Сондай-ақ «Нұр Отан»партиясының аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқлорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа ержесі бекітілді,-деп халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттырудың орны ерекше екендігі мен қоғамда сыпайылық пен адалдық, еңбексүйгіштік сияқты ұстанымдарды насихаттау сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастырудың алғышарттары екендігіне тоқталды.

Одан соң аудан орталығындағы мекемелер мен жауапты органдардың 2016 жылдың І жартыжылдығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстары мен алдағы уақыттағы жоспарлары жайындағы ақпараттар тыңдалды. Айта кету керек үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде ауданның бір де бір мемелекеттік қызметкері сыбайлас жемқорлық ісі бойынша жауапқа тартылмаған. Бұл қуанарлық жайт.

Бұдан бөлек отырыс барысында аудандық орталық ауруханадағы қызмет көрсету жайы да сөз болды. Бұл мәселелер алдағы уақытта шешіледі деген сенімдеміз.

www.zhaikpress.kz
Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале