9.06.2015, 15:23
Оқылды: 39

Жемқорлықтың жолын бірге кесуге шақырды

IMG_0673ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Бөрлі ауданы бойынша басқармасының бас маманы Жандарбек Құмарғалиев Сырым ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру жөнінде бірқатар жиындар өткізді.

Күн тәртібіне сәйкес, ол ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құрылған департаменттің негізгі міндеттерін насихаттау және түсіндіру мақсатында дәріс оқыды.

Дәріс барысында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, оның кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту сияқты мәселелер айтылды.

Жалпы алғанда, жоғарыда айтылған әлеуметтік індетті болдырмау бағытында еліміз бойынша бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда. Оған қоса, мемлекеттік қызмет және сыбайлас қарсы іс қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды. Осы органның өкілі Жандарбек Құмарғалиев жергілікті халықты департаментпен әріптестік орнатуға шақырды.

Бұл жиындар аудан активімен, аудандық орталық аурухана ұжымы және құқық қорғау органдарының өкілдерімен жеке-жеке өткізілді.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале