14.08.2015, 14:50
Оқылды: 57

«Жемқорлық – індет, оны жою - міндет»

100 накты кадамОсындай атаумен Ақжайық ауданындағы Құрайлысай ауылдық округінің орталығы – Жұбан ауылында мемлекеттік қызметкерлер, басқа да мамандық, кәсіп иелерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Аталған кеселдің қоғамда өршіп тұрғандығы, оған «100 нақты қадам – Ұлт жоспарына» сай жұмыла, мүдделілікпен тосқауыл қою туралы баяндалды.

Полиция қызметкері Ержан Сағынов баяндама жасаса, «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлсара Ақжайықова партияның жемқорлыққа қарсы бағдарламасымен таныстырды.

Ұсақ құқық бұзушылықтан бастап, ірі қылмыстың алдын алуға қоғам болып көтерілу дәуірдің мықты талабы екені баяндалды. Тиісті заңнаманы оқып-үйренуді тұрақты жолға қою ұйғарылды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале