9.01.2016, 14:05
Оқылды: 30

Жергілікті полицияға басшы тағайындалды (ФОТО)

 Akim tagayindau01   Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясы оздырылды. Сессия жұмысына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ түрлі мекемелер мен басқармалар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Жиынды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен жүргізді.


Akim tagayindau011

 Күн тәртібінде облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына келісім беру туралы, облыс әкімдігі жанындағы «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның құрамы туралы және облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы мәселелер қаралды.

Akim tagayindau02

Алғашқы мәселе бойынша хабарлама жасаған облыс әкімі аппаратының басшысы Марат Тоғжанов облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің кандидатурасы ұсынылғанын мәлімдеді.

Akim tagayindau03

- 2015 жыл - жемісті болды. 14 - қаңтардан бастап ауылдық округ әкімдері, 1 - ақпаннан бастап аудан әкімдері, халықтың алдында есеп бере бастайды. 24 - ақпанда облыс әкімінің есебі тыңдалмақ. Өткен жылы облысымызға Ұлттық қордан бөлінген 9 миллиард 450 миллион теңге және республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 100 пайыз игерілді. Жергілікті бюджеттің игерілуі алдын ала есептеулер бойынша 99,9 пайызды құрады. Жетістіктеріміз жетерлік, алда бірігіп атқарар істеріміз де баршылық. Олар - Елбасымыздың Жолдауы, 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамда көрсетілген тапсырмалар. Соның бірегейі - жергілікті полицияны құру. Бүгін облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына Манарбек Ғабдуллинді тағайындауға келісім бердіңіздер. Өз тарапымнан Манарбек Серікқалиұлына сәттілік тілеп, Елбасымыздың қылмысқа мүлдем төзбеушілік принципін іске асыруда бар біліктілігі мен тәжірибесін жұмсайды деп сенемін, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сессия жұмысын қорытындылаған сөзінде.

Akim tagayindau04

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале