17.06.2016, 19:07
Оқылды: 43

Жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтік шара өтті

zhergilikti policiyaБҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып,  қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып, тиісе отырып, пайда табумен мазалап өтініш білдірумен айналысатын құқық бұзушыларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.


Жалпы мұндай әрекет Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабымен қарастырылатын болады. Қоғамдық орындарда белгілі бір тұлғаның өткінші адамдардың артынан қалмай, қандай да бір заттарды сатумен немесе сатып алумен, айырбастаумен айналысатын, сондай-ақ, бал ашумен, қайыршылықпен, сексуалдық сипатта қызмет көрсету, адамдардың арттарынан қалмай, тағы басқа да қызмет көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісіп, яғни мазалап өтініш білдірумен айналысатын тұлғалар жоғарыда көрсетілген бап бойынша жауапкершілікке тартылатын болады.

Ағымдағы жылдың 5 айында жергілікті полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабына сәйкес 129 әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған болатын, соның ішінде 116-сы қайыршылық, жыныстық сипаттағы қызмет көрсеткені үшін – 3, бал ашу – 5 және басқа да қызмет көрсету түрін ұсынғаны үшін – 5 құқық бұзушылық анықталды.

Қаладағы қайыршылардың көп шоғырланатын жерлері – адамдар көп жүретін мешіт, шіркеу, вокзалдар мен базарлар екені белгілі. Бүгінгі рейдтік іс-шара қаланың дәл ортасында орналасқан қалалық мешіт аумағынан бастау алды. Қасиетті Рамазан айында қалалық мешіт маңын жағалаған қайыршылардың қатарында еңкейген шалдан, ақ жаулықты аналарымызға дейін болды.

«- Көбіне-көп мұндай қайыршылық әрекетіне баратын ішімдікке салынған, үй-жайы жоқ адамдардың баратыны белгілі. Жалпы мұндай іс-шаралар жүргізу учаскелік полиция инспекторларының күнделікті жұмысы. Біздің мақсатымыз – қоғамдық тәртіпті қорғау, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу» - деп жауап берді БҚО ІІД ЖПҚ аса маңызды істер бойынша аға инспектор полиция подполковнигі Спашев Мәлік Саконұлы журналистерге берген сұхбатында.

БҚО ІІД Орал қ. Абай Пб Жергілікті полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Сергей Мановицкий: «Қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып, тиісе отырып, пайда табумен мазалап өтініш білдірумен айналысатын құқық бұзушыларға айыппұл салынады. Отыз күн ішінде салынған айыппұл өтелмесе, оны мәжбүрлі түрде сот орындаушыларына жолдайды. Егер құжаттары болмаған жағдайда, оларды уақытша бейімдеу орталығына жолдап, құжаттандырылатын болады. Алайда, шыққаннан кейін үйреншікті кәсібіне оралып жатқандар аз емес», - деді.

www.zhaikpress.kz
Асылай Губашева
БҚО ІІД баспасөз қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале